ҚҰРМЕТТІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының  бесінші басымдығында сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты деп атап өткен болатын.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамды тарту мақсатында 2017 жылғы                           25 желтоқсанында сағат 15:00-17:00 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жұмабаев Ерғали Тілесбайұлы Департаменттің memkyzmet.kz сайтында интернет-конференция өткізеді.

Егерде, Сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе осы салаға қатысты қандай да бір ұсыныстар мен пікірлеріңіз болса жоғарыда аталған сайтқа қалдыруларыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз Біз үшін маңызды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда өз үлесіңізді қосыңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *