ҚҰРМЕТТІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамды тарту мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпан күні сағат 16:00-17:00 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жұмабаев Ерғали Тілесбайұлы Департаменттің memkyzmet.kz сайтында интернет-конференция өткізеді.

Егерде, Сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе осы салаға қатысты қандай да бір ұсыныстар мен пікірлеріңіз болса жоғарыда аталған сайтқа немесе осы хабарландырудың астына қалдыруларыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз Біз үшін маңызды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда өз үлесіңізді қосыңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *