ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАЛАРЫНДА КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Шымкент қаласы Әл-Фараби, Абай аудандарының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының ұйымдастыруымен (әрі қарай – басқармалар) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі  талаптарының сақталуының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Семинардың мақсаты заң бұзушылық деректерін болдырмау, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру шараларын мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру.

Іс-шараға облыстық прокуратура, ҚСжАЕАЖК және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Депаратамент) өкілдері мен басқармалар қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген департаменттің бас маманы А.Колосков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарының бірі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, А.Колосков Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың негізгі тетіктерін түсіндірді.

Іс-шара соңында қатысушылардың назары Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметшілердің аттестаттаудың үшінші кезеңі – әңгімелесуден өтіп жатқандығына аударылды. Облыстың мемлекеттік қызметшілерімен аттестаттаудың кезеңдері, аттестатталушыға қойылатын талаптар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы мақсатта, Департаментпен дайындалған memkyzmet.kz веб-сайтында Агенттікпен дайындалған аттестаттау бойынша методикалық ұсыным  енгізілген.

Методикалық ұсынымда – әңгімелесудің өткізу тәртібінен бастап, аттестаттау комиссиясы мүшелеріне арналған қызметшілерге қойылатын жеке құзіреттер мен қызметтік талап бойынша үлгілік сұрақтар жөніндегі ақпараттарды құрайды.

Сонымен қатар, сайтта аттестаттаудың жалпы кестесі, аттестаттау комиссиясы мүшелеріне қойылатын талаптар,  аттестатталушылар мен комиссия мүшелеріне, қызметшілер үшін жадынама және т.б. қызмет алушыларға есімдері мен жұмыс телефондары көрсетілген жұмыс тобы мүшелері туралы толық ақпарат,  аттестаттау комиссиясы әрекеттеріне түскен шағымдарды қарау мақсатындағы мобильді топ мүшелерінің байланыс телефондары 8(7252)51-51-51 орналастырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *