«ҚАРАТАУ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екенін және жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес әрі қарай жалғаса беретінін нақтылап көрсеткен.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету  – өзекті мәселелердің бірі және елдегі қабылданып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы                       іс-қимыл шаралары туралы компаниялардың хабардар болуы маңызды.

Осы мақсатта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері «Қаратау» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Департаменттің бас маманы Г.Мұсабекова мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы басты міндет көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау екендігін атап өтіп, Департамент тарапынан атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Іс-шараны жалғастырған Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев Агенттік өз қызметінің басымдықтарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қорғау мәселесін белгілейтіндігін атап өтті.  .

Айта кетейік, «Қаратау» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ еншілес компанияларының бірі болып табылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ — әлемдегі ең ірі уран компаниясы, уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, екі рет қолданылуға арналған технологиялар мен материалдарды барлаумен, өндірумен, қайта өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы.

Компания құрамына 7 санатқа бөлінген 42 еншілес және тәуелді кәсіпорын кіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *