ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

2018 жылдың 22 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасымен Қазығұрт ауданында «Адал жол» марафоны өз мәресіне жетті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаев, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілер, өзін-өзі реттеу ұйымдарының өкілдері мен жастар, аудан тұрғындары, Сайрам ауданынан келген арнайы делегация өкілдері, қатысты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысында марафонға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ОҚО бойынша Департаменті «Адал жол» кітабын әзірлеп, эстафетаны Шардара ауданына жолдаған болатын.

Қазіргі таңға марафонды Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары өткізіп, эстафетаны Сайрам ауданы алды.

Марафонды өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *