ҚАЗПОШТА ҰЖЫМЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі  «Қазпошта» АҚ ОҚОФ ұжымымен кездесу барысында талқыланды.

Дөңгелек үстелде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, Әл-Фараби ауданының прокуроры О.Пернеев және  «Қазпошта» АҚ ОҚОФ қызметкерлері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Гүлмира Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша департамент тарапынан жасалып жатқан жұмыстармен хабардар етті.

Кездесу соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *