«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» КОМПАНИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова «ҚазМұнайГаз» компаниясы филиалы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Кездесу барысында Жазира Салханқызы өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталып өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін, көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық операторы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *