ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ «ӨЗІҢНЕН БАСТА» АКЦИЯ ЭСТАФЕТАСЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН БАРША РЕСПУБЛИКА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

ОҚО-да мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға жаппай көшу науқаны басталды. Бұл қызу науқанға алғашқылар болып жергілікті бюджеттік мекемелердің басым бөлігін алып тұрған білім саласының қызметкерлері кірісті.

Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент) мен Шымкент қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметті өздері алу дағдыларын анықтау бойынша Шымкент қаласы мұғалімдері, оқушылары, ата-аналар арасында «Цифрлық Қазақстан» зияткерлік сайысы өтті.

Әрине, әлемнің барлық жақсылықтары сияқты, бұл интеллектуалды сайыс та мақсат қоюдан басталды.

Сайыстың мақсаты – жұртшылық арасында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты электронды үкімет порталы арқылы жою, іс-шараға қатысушылар атынан «Өзіңнен баста» акция эстафетасын жалғастыру үшін барша республика тұрғындары мен мектеп жастарына Үндеу жариялау.

Сайысқа қала мектептерінен іріктелген 5 мектеп топтары, әр топта 2 ұстаз, 2 оқушы, 2 ата-анадан құралды.

Іс-шараны Департаменттің басшысы Ә.Көмекбаев ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, сайысқа қатысушыларға баға беретін Қазылар алқасы құрамында Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, Департамент жанындағы Арнайы мониторингтік топ мүшелері Ә.Әссанди, А.Орынбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай, қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиева және ХҚКО департаменті директорының орынбасары Ж.Болат кірді.

Іс-шара барысында мемлекеттік және орыс тілдерінде «электрондық үкімет» арқылы мемлекетік  қызмет алу тәсілдерін үйрететін бейне және анимациялық роликтер көрсетілді.

Сайыс соңында «Адал ұрпақ» ассоциациясының 60 мыңнан астам мүшелері, сонымен қатар республика тұрғындары мен мектеп оқушылары «Өзіңнен баста» акциясы эстафетасын жалғастырады деген сенім білдірілді.

Сайыста жеңіске жеткен №65 мектептің «Сандық әлем.kz» командасын жүлделі орындарымен, 2-орынды иеленген №104 мектептің «Браузер класс» және 3-орынды иеленген №1 мектептің «Ғаламтор KZ» командаларын құттықтаймыз.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *