«ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ» АВТОАКЦИЯСЫ

Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы бірлесе «Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу» тақырыбында автоакция өткізді.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындарына мемлекеттік қызметті электрондық портал арқылы алудың оңай әрі жеңіл екендігін насихаттау, тұрмыстық сыбайластықтың алдын алу.

Автоакция барысында қаланың адам көп жиналатын жерлерінде кездесулер өткізіп, брошюролар мен Еgov жазуы бар брелоктар таратылды.

Аталған іс-шараға  Департамент және ХҚКО қызметкерлері, Қоғамдық ұйым мүшелері, блогерлер,  еріктілер тобы, БАҚ өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *