Электронды үкімет порталының сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы рөлі

2018 жылдың 21 ақпан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) бастамасымен сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау, мектеп оқушыларын санды технологияларды пайдалана отырып, жылдам әрі сапалы қызмет алуды үйретуге бағытталған, “Электронды үкімет” тақырыбында ашық желі арқылы жоспарланған сұрақ-жауап байқауының отырысы өтті.

 

Отырысқа Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.А.Көмекбаев төрағалық етіп, Шымкент қалалық Білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиева, №9 лицейі, №87, №31, №86 жалпы орта мектептері және №24, №25 мектеп-гимназияларының өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *