ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментінде (әрі қарай – Департамент) «Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов, Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, облыстық денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармалары, Шымкент қаласының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері қызметкерлері қатысты.

Семинарда әрбір мемлекеттік қызметшілерге электронды қызмет алу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу болып табылатыны түсіндіріліп, оларды практикалық түрде үйретіп, дағдылану жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер халықты түгел электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болып, жоғарыда көрсетілген саладағы қызметтерді электронды түрде көрсетуге үлесін қосу қажеттігі түсіндірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *