ХАБАРЛАМА

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Парасыз болашаққа.Бірге» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Арыс қаласының тұрғындарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өткізеді.

Тәжірибе көрсеткендей, аталған кездесулер азаматтардың мәселелерін шешудегі тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Егерде, Сізде мемлекеттік қызметке, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңыз болса, қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны мен мерзімі: Арыс қалалық ХҚКО (сағат 10.00-11.00, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (сағ.11.30-12.30), Қожатоғай ауыл округі Сырдария елді мекені (сағ.14.30-15.30), Дермене ауылдық округі Темірші елді мекені (сағ. 15.50 – 17.00)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *