ТӘРТІПТІК, ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде  «Тәртіптік, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілі Б.Садықов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Қамбаров аталған тақырыпта баяндама жасады.

Іс-шара барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *