СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні  ОҚО бойынша экология департаментінде  «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер, онымен күрес – бүкіл қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қоғамдағы маңызды басымдықтардың бірі болып қала бермек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерінің серіктестік қағидаттарына, адамгершілік бастамаларының басымдықтарына және жемқорлық көріністерінің алдын алу шараларына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы халықтық сипатта болуға тиіс екенін жеткізді.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *