Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру.

Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, еңбек инспекциясының өкілі, аудандық ІІБ-нің қызметкерлері, ауыл округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары,партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО департаменті бас маманы Г.Төлегенқызы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында  сөз сөйлеп, Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін тоғызыншы міндет етіп тапсырғандығын атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда  қоғам болып атсалысу маңыздылығын түсіндірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *