СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫҢ 2 КОНГРЕССІ ӨТТІ

Қазақстандағы Еуропадағы қауіпсіздік және және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың 2 Конгрессі Астана қаласында өтті.

2017 жылы Қазақстан азаматтары Альянсы мен «Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша ұйымдастырылған Конгресс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге арналған дәстүрлі алаңға айналды.

Іс-шараға облысымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев,  облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ө.Мелдеханов, облыстық арнайы мониторингтік топтың (АМТ) төрағасы Ә.Исабаев және аудан, қалалалық АМТ мүшелері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіретін осындай алаң құру заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамалық негіздерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, конгресс барысында арнайы мониторингтік топтың жоспарланған жұмыстары да талқыланып, қатысушылар мемлекеттің іс-әрекеттеріне жан-жақты қоғамдық бақылау жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалғандығын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *