СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

2018 жылдың 19 наурыз күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті  (әрі қарай – Департамент) мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының  ОҚО бойынша департаменті және «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                іс-қимыл мәселелері бойынша облыстық кәсіпкерлер форумы өтті.

Форумға Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментінің штаб басқарма басшысының орынбасары Ж.Аитов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ОҚО бойынша филиалының қызметкерлері мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – бизнес ортада кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін тәуекелдерді азайту және жою болып табылады.

Форумды ашып берген Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Атамекен» ҰКП І Республикалық кәсіпкерлер форумында ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойғандығын жеткізді. Аталған Жол картасы аясында                    2017 жылы Департамент тарапынан кәсіпкерлерге маңызды мемлекеттік сатып алу және өрт қауіпсіздігі салаларында жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижесімен таныстырды.

Сонымен қатар, Агенттік пен Ұлттық палата бірлесіп ағымдағы жылдың              28 ақпанында ІІ республикалық кәсіпкерлер форумын өткізіп, онда 2017 жылғы Ынтымақтастық туралы келісім аясындағы Жол картасының нәтижелері қорытындыланып, 2018 жылғы арналған Жол картасына қол қойылғандығын атап өтті.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының  ОҚО бойынша департаментінің штаб басқарма басшысының орынбасары Жомарт Махамедлатифұлы кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Департамент жұмысы туралы баяндама жасады.

Аталған салада бұзушылықтар, мәселелер немесе ұсыныстар болған жағдайда Департаменттің 8775-869-21-21 Вацап нөміріне немесе 51-51-51 сенім телефонына жолдауға болатындығын хабарлаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *