СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТЕТІН БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында үздік журналисттік жұмыстар байқауын жариялайды.

КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ ЖӘНЕ НОМИНАЦИЯЛАР

Байқауға баспа және электронды БАҚ-да 2017 жылдың 1 наурыздан бастап 5 желтоқсанға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) жарияланған немесе эфирге шыққан позитивті материалдар, сондай-ақ позитивті жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабылданады.

Байқау қатысушылары:

Байқауға ниет білдірген Оңтүстік Қазақстан облысының журналистері (оның ішінде, республикалық БАҚ-ң облыстағы меншікті тілшілері және штаттан тыс) қатысуға шақырылады.

Конкурсқа қатысушалар тікелей өздері немесе БАҚ редакциясының ұсынысы арқылы қатыса алады.

Байқау келесі номнациялар бойынша өткізіледі:

–       Үздік теле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;

–       Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;

–       Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым;

Бір қатысушы Байқауға бір номинацияға ғана қатыса алады және  сол номинацияға 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады.

 

МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

–    Байқауға тек өзіндік материалдар, телесюжеттердер ұсынылады. Конкурстық материалдар авторлық құқық, баспа, зияткерлік меншік туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет.

–     Байқауға журналистік материалдар қабылданады (сараптамалық жарияланымдар, материалдар, очерктер, репортаждар, шолу және телесюжеттер).

–          Байқауға қазақ, орыс тілдеріндегі материалдар ұсынылуы қажет.

–          Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді.

–           Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
–         Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
–          Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (CD/DVD дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

–          Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Байқауға материалдар барлық номинациялар бойынша түпнұсқада немесе электрондық нұсқада ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін ұсынылады (байқаудың жұмыс тобының мекен-жайына: Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 3 үй немесе intensiv2015@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі).

БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ

Әр номинацияда бір жеңімпаз белгіленеді. Байқау жеңімпаздары алғысхаттар (грамоталар) мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің uko.kyzmet.gov.kz және memkyzmet.kz сайттарынан (ресми ақпаратты орналастыру, байқау барысын жариялау, нәтижелерді көрсету) немесе 8 (7252) 53-75-57 телефонынан алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *