СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГТІК ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ САРЫАҒАШ АУДАНЫНА БІРЛЕСКЕН САПАРЫ

Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік және мобильді топтардың мүшелері Сарыағаш ауданының халқымен кездесті.  Кездесулер Арнайы мониторингтік топтың мүшелері аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі Қ.Мұсабеков, «Сәт» телеарнасының журналисті Қ.Құлмырзаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, Г.Төлегенқызы, Ж.Әлжанова, аудандық мешіттің имамдары Т.Төлебеков, Н.Хасанов және жастар орталығының директоры Қ.Иматовпен «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында азаматтарға ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормалары түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік және мобильді топтардың мүшелері Қапланбек, Қызылжар ауылдарының тұрғындарымен, «Алып» орталық базарында, сонымен қатар, аудандық әкім аппараты мен бағынысты мекемелердің,             ХҚКО-ң, кәсіпкерлерге қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарының, ІІБ,                      №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта және Қажымұқан атындағы спорт мектептерінің, Қапланбек агро-техникалық колледжінің, әділет, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларының ұжымымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Сонымен қатар, шара барысында Арнайы мониторингтік топтың қызметі мен сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болғанда қайда хабарласу керектігі түсіндірілді. Әлеуметтік желілерде «Арнайы мониторинг тобы ОҚО» парақшалары, сонымен қатар, «WhatsApp», телеграмм нөмірлері( +7 775 869 21 21) іске қосылғандығынан хабардар етті.

Аталған іс-сапар барысында 20 мыңға жуық адам қамтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *