СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГТІК ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ САРЫАҒАШ АУДАНЫНА БІРЛЕСКЕН САПАРЫ

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, Е.Мейрамбай, Г.Төлегенқызы, Ж.Альтановалардың қатысуымен “Парасыз болашаққа Бірге” мобильді тобының Сарыағаш  ауданының мүшелері Нұр Отан партиясының Сарыағаш ауданы  филиалының қызметкері Қ.Мусаев, Сарыағаш ауданы орталық мешітінің насиxат тобының мүшелері, Сәт телеарнасының тілшісі Қ.Құлмырзаев қатысып Сарыағаш ауданы ІІБ ,Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамдарымен, Қалыққа қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлік бөлімі,  Алып сауда қалашығы, ветериналық бөлімі, агро-техникалық колледж, Спорт мектебі,  әділет басқармасы, жұмыспен қамту орталығы, аудан әкімшілігі, Аудандық емхана, кірістер басқармасы, кеден бекеті қызметкерлерімен, Қапланбек, Қызылжар ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп «парасыз болашаққа бірге» деген акциямен дөңгелек үстел өткізіп жиырма мекеме, отыз мыңға  мыңға жуық xалық қамтылды.Мобилді топтың негізгі мақсаты  сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында, Елбасымыздың саясатын  жүйелі жүзеге асыру. Кездесу барысында сыбайластыққа алып келетін мәселелер ашық айтылып, оны болдырмау және алдын алу жөнінде қажетті мәліметтер айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. .

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *