СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Кентау қаласында болды.

Мобильді топ арнайы автобуспен халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалынған парақшалар таратылды.

Мобильді топтың құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары Г.Төлегенқызы, Ж.Әлжанова, Ғ.Жүндібаев,  теолог С.Бейсен, «Нұр Отан» партиясының Кентау қаласы бойынша филиалының өкілі Ж.Қожабекова, қалалық мешіт имамы С.Маткасимов, қалалық әкім аппаратының өкілі Д.Асқынбай қатысты.

Кездесу түрлі мақсатты топтармен, атап айтқанда, қаладағы мемлекеттік мекемелерде, білім беру орындарында, этномәдени орталықтардың мүшелерімен, жастармен, төтенше жағдайлар бөлімінің, әділет басқармасының, Кентау трансформатор зауытының, аурухана, ХҚКО, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы,  тұтынушылардың құқығын қорғау қызметкерлерімен, дін өкілдерімен, кәсіпкерлермен, қала және ауыл тұрғындарымен, жалпы 14 000-ға жуық  адамдар қамтылды.

Халықпен кездесу барысында Елбасының биылғы Жолдауы, «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының», сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің жүзеге асырылу барысы түсіндіріліп, талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *