СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП СОЗАҚ АУДАНЫНДА

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы азаматтарды қажетті біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, халықпен байланыс арналарын құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті.

Мобильді топ құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) бас мамандары Ғ.Жүндібаев, Ж.Әлжанова, Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов және консультанты А.Омарбекова, «Шолаққорған» орталық мешітінің найб имамы А.Ажиев, аудандық әкім аппаратының басшысы Қ.Оразов енді.

Халықпен кездесу барысында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының»,  сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері аудан тұрғындарын алғыс айту күнімен құттықтап, алғыс айту күні – Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні, Қазақстан халқы Ассамблеясының күні, біздің еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрмет күні, біздің тарихымызға құрмет күні, өзара көмек және қолдау күні екендігін атап өтті.

Айта кетейік, Мобильді топ облыстың барлық қала, аудандарында осы тектес кездесулерді өткізуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *