СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні «Парасыз болашаққа.Бірге!» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Сайрам ауданының әкімі аппараты мен оған қарасты бөлімдер, Халыққа қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, аудандық аурухана, ІІБ, өрт сөндіру бөлімі, аудандық колледж студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ата-аналар, әділет басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, сот орындаушылар мен Ақсукент, Қарабұлақ ауыл округтары қамтылды.

Кездесудің басты мақсаты – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында осы саладағы жұмысты күшейту қажеттігін атап өткен болатын.

Мобильді топ құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, А.Қапалбаева, Г.Төлегенқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Сайрам аудандық өкілі С.Жүзбаев, аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Сағындықов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері Б.Биназаров, Г.Ирискелдиев, «Ергешбек Құлыбайұлы» мешітінің найб имамы А.Тажиев кірді.

Халықпен кездесу барысында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының»,  сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің жүзеге асырылу барысы талқыланды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *