СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Парасыз болашаққа.Бірге» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы азаматтарды қажетті біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, халықпен байланыс арналарын құру.

Мобильді топ құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, Ж.Әлжанова, Г.Төлегенқызы, облыстық ІІД қауіпсіздік қызметінің бастығы А.Жарасов, «Бекзат ата» мешітінің имамы Қ.Садыбаев, «Абу Ханифа» мешітінің имамы Ж.Ырысмахан, Арыс қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілі С.Тулетаев, Арыс қалалық әкімінің кеңесшісі Е.Маханов кірді.

Мобильді топ Арыс қалалық орталық базары мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын, С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектеп, қалалық «Нұр Отан» партиясында, қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Сырдария және Теміржолшылар ауыл округтерінде болып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп кодексі ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілермен, жастар, дін, этномәдени бірлестіктердің өкілдермен, аудандардағы мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен, емхана қызметкерлерімен жеке-жеке кездесулер өткізді.

Айта кетейік, Мобильді топ облыстың барлық қала, аудандарында осы тектес кездесулерді өткізетін болады.

Қоғамдық қабылдау мен қоғамды ақпараттандыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен себептерін жоюдағы жүйелі жұмыстардың іргетасы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *