СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ИЧ-167/11 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ өкілі Б.Тұяқбаев, Департаменттің бас маманы Г.Төлегенқызы, облыстық ІІД өкілі Е.Ерманов, облыстағы Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы – «Оңтүстік Қазақстан заңгерлерінің ассоциациясы» ҚБ атқарушы директоры Р.Хобдабергенова, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО өкіл имамының орынбасары М.Ақтамберді және ИЧ-167/11 мекемесінің жеке құрамы қатысты.

Іс – шараның мақсаты – Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының тоғызыншы міндетін және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын түсіндіру болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *