СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРАМЕНТІНДЕ

2018 жылдың 19 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның тақырыбы Мемлекет басшысының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауының бесінші басымдығының жүзеге асырылу барысына негізделген.
Басты мақсат – Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлін арттыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
Іс-шара барысында төтенше жағдайлар саласында өткізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, әскери-қызметтік тәртіппен, заң бұзушылықтар орын алып отырғандығы айтылды. 2017 жылы бірқатар қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, бірқатары теріс қылық бойынша жұмыстан шығарылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *