СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы облыстық әділет департаментінде кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда алдын алу шараларын енгізудің маңызды рөлін түсіндіру.
Кездесуге облыстық әділет департаментінің ұжымы, автокаттар алқасы мен жеке сот орындаушылары қатысты.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу тәсілдерін және осы әдістердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметтік әдеп қағидаларының сақталуы мен ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру шаралары талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *