СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕДЕ» БОЛДЫ

2017 жылдың 26 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа.Бірге!» республикалық акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың халықпен кездесуі өтті. Акция №4 халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Фронт офис» халықтық кеңсесі ғимаратында өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, аталған кездесулер азаматтардың мәселелерін шешудегі тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Жоспарланған іс-шаралардың негізгі мағынасы – «Табысты және гүлденген қоғамды сыбайлас жемқорлықтан еркін азаматтар салуы мүмкін».

 

P.S.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау жөніндегі нұсқау

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәліметті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша аумақтық департаменттеріне хабарлауға болады (кезекші бөлімнің телефоны: 8-7252-98-14-00).

Хабарламаны:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде (мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би к,3 немесе Тәуке хан даңғ,3)

2. «Электронды үкіметтің» egov.kz порталына.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Сall-орталығына жолдауға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *