СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні  «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» ОҚОФ-да болды.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Садықов, «Оңтүстікжолзертханасы» ММ, «Қазақавтожол» ЖШС ОҚОФ, «Шымкентдорстрой» ӨК ЖШС, «ЖБИ-С», «Қаздорпроект» ЖШС ұжымы.

Басты мақсат – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *