СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОППЕН БІРЛЕСІП ОТЫРАР АУДАНЫ МЕН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

Ағымдағы жылдың 25-26 сәуір күндері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді және арнайы мониторингтік топтардың мүшелері Отырар ауданының және Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, А.Қапалбаева, Ж.Әлжанова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментінің ауданаралық басқарма басшылары А.Зейнабилов, А.Әліш және «Нұр Отан» партиясы, дін және БАҚ өкілдерінен құралған топ мүшелері «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен кездесулер өткізді.

Іс-шара барысында азаматтарға ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормалары түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді және арнайы мониторингтік топтардың мүшелері Отырар ауданында Отырар, Талапты ауыл округтері және Түркістан қаласында Қарашық, Жүйнек ауыл округтерінің тұрғындарымен, сонымен қатар, аудандық әкім аппараты мен бағынысты мекемелердің, ХҚКО-ң, кәсіпкерлерге қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарының, ІІБ, спорт және жалпы орта мектептерінің, колледждер мен әділет, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларының ұжымымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Сонымен қатар, шара барысында Арнайы мониторингтік топтың қызметі мен сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болғанда қайда хабарласу керектігі түсіндірілді. Әлеуметтік желілерде «Арнайы мониторинг тобы ОҚО» парақшалары, сонымен қатар, «WhatsApp», телеграмм нөмірлері( +7 775 869 21 21) іске қосылғандығынан хабардар етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *