СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП МАҚТААРАЛ ЖӘНЕ ШАРДАРА АУДАНДАРЫНДА

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы азаматтарды қажетті біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, халықпен байланыс арналарын құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Мақтаарал және Шардара аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Мобильді топ құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) бас мамандары Ғ.Жүндібаев, А.Қапалбаева, Г.Төлегенқызы, Мақтарал ауданынан «НұрОтан» партиясы өкілі Б.Абсенов, аудандық прокуратурадан Ж.Сарсенбай, «Нұғман» мешітінің наиб-имамы В.Паташов, аудан әкімдігінен  Б.Жолшибеков, С.Оразбаев, Шардара ауданынан «НурОтан» партиясының мүшесі  Ж.Нысанбаев, орталық мешітінің наиб-имамы Н.Ханзадаев, аудан акімдігінен Б.Толегенов, С.Батырханов, Н.Муслимова  енді.

Халықпен кездесу барысында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының»,  сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Халықпен кездесуден бөлек мамандар аудандық әкім аппараттары, аудандық кірістер басқармасы, аудандық әділет басқармасы, аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы,  аудандық ішкі істер басқармасы, аудандық төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі басқарма, аудандық жастар орталығы, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық емхана, спорт кешені ұжымымен кездесті. Аталған іс-шараларды өткізу барысында екі ауданның 35000-ға жуық тұрғыны қамтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *