«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АПТАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» бірлестігінің төрағасы Т.Байгуловтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аптасы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жиі кездесетін кемшіліктерді ұжымда талқылай отырып, болашақта оларды болдырмау үшін нақты шаралар қабылдау.
Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша Департаментімен арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

Сондай-ақ, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Қантаев Агенттіктің аумақтағы Әдеп жөніндегі кеңесі жұмысының басымдығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталғанын жеткізді.

Семинар-кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» бірлестігінің төрағасы Т.Байгулов апталық аясында жүргізілген іс-шаралар барысында кеден, салық және көліктік бақылау қызметтерінде анықталған мән-жайларға қатысты өз пікірін білдірді.

ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Тленшин семинарға қатысушылар алдында өзінің атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берді.

Семинар-кеңесте бейнероликтегі көрсетілген деректер бойынша  Әдеп кеңесінде қаралған тәртіптік істер сараланып, мемлекеттік органдарға тән кездесетін мәселелер бойынша бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында мемлекеттік орган басшыларына профилактикалық бағыттағы хаттар тұрақты негізде жолданатындығы да талқыға салынды.

Айта кетейік, ұжымдарда жиі кездесетін бұзушылықтарды талқылау барлық салаларда өткізілмек. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында Департамент басшылығы облыстың барлық аудандарын аралап, тікелей халықпен кездесуді жоспарлауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *