«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІКТІ БЕЙНЕЛЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТТЕР БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық деңгейде оқушылар арасында әділдік, адалдық және сатылмаушылық қағидаларын көрсететін үздік суреттерге, инсталляцияларға және басқа да жұмыстарға байқау жарияланған болатын.

2017 жылдың 11 мамыр күні Шымкент қалалық №89 жалпы орта мектебінде байқау қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара оқушылардың флешмобымен басталып, «Адалдық пен әділдік – мен үшін басты қағида!» атты сурет көрмесімен жалғасты.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Г.Мұсабекова байқауға қатысқан оқушыларға департамент атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар, Гүлжан Есенқызы сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды, осындай дарынды, білімді балалар жемқорлықсыз Қазақстанды құратындығына кәміл сенетінін жеткізді.

Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *