СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫН ЖОЮ

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Семинарға «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Садықов, департаменттің бас маманы А.Қапалбаева, ИЧ-167/4 мекемесінің жеке құрамы қатысты.

Іс – шараның мақсаты – Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауының тоғызыншы міндетін және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын түсіндіру болып табылады.

Департамент өкілі А.Қапалбаева кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы басты аспекті ретінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың көріністері мен қызметтік тәртіп нормалары бұзылуына жол бермеу, заң нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жол бермеу жолдарын талқыға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *