СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫН ЖОЮ

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 мекемесінің жеке құрамымен кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалының өкілі Б.Тұяқбаев және жеке құрам қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен Гүлмира Төлегенқызы таныстырып өтті.

Семинар барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жол бермеу жолдарын талқыға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *