СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ, ЖОЮ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 мекемесінің жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау, жою және алдын алу бойынша жұмысты күшейту» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау, тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына жол бермеу.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, ИЧ-167/3 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Б.Асилбеков, облыс бойынша ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны З.Султанмуратов және жеке құрам қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен Жазира Салханқызы таныстырып өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен күресудегі тиімді тәсілдерді қолдану туралы З.Султанмуратов баяндама жасап, облыстағы түрме жүйесіндегі қылмыстық істерге тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жол бермеу жолдарын талқыға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *