СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БІРІҢҒАЙ САҒАТЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі бірлесе, республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырды.

Аталған іс-шара 2017 жылы 29 қараша күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өтті.

Іс-шараның негізі мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, іс-шара арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағатының жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев, облыстық білім басқармасының заңгері Ә.Сапарбеков, облыстық политехникалық колледжінің басшылары, оқытушылар мен белсенді оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Біріңғай сағат облысымыздың 12 жоғары оқу орындары мен                 94 колледж, 1038 мектепте өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *