САЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы               іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментімен Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Шымкент қаласы,  Еңбекші, Абай, Қаратау, Әл-Фараби аудандары бойынша және «Оңтүстік АЭА» Мемлекеттік кірістер басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова салық қызметкерлеріне Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қызметкерлерді жұмыс барысында сыйлықтар алуға және артықшылықтарды пайдалануға жол бермеу керектігін қатаң ескертіп өтті.

Іс-шарада сөз алған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл міндетін атқарушы Т.Тленшин Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша баяндама жасап, осы тақырыптағы нұсқаулықпен (pocketbook) таныстырды.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *