САЙРАМ ТҰРҒЫНДАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОППЕН КЕЗДЕСТІ

2017 жылдың 19 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Қаратау ауданының №111 орта мектебінің мәжіліс залында «Парасыз болашаққа.Бірге!» республикалық акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың халықпен кездесуі өтті.

Мобильді топтың құрамында Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры А.Жұмағұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, А.Колосков, Қаратау ауданы әкімдігінің өкілі О.Абдраманов пен Сайрам аумақтық халықпен жұмыс бөлімінің қызметкері Ш.Расылходжаева болды.

Іс-шараға аудан ақсақалдары, еңбек ұжымдары және аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болғанда қандай әрекеттер жасау қажеттігі туралы халықты ақпараттандыру, сонымен қатар, халықпен тиімді байланыс арналарын құру.

Жиын соңында ауданның құрметті ақсақалы барлық тұрғындарды әділетсіздікпен және жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *