ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент) персоналды басқару қызметкерлеріне арнайы семинар-кеңес ұйымдастырды.

Семинар-кеңесте кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған                 «100 нақыт қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамының іске асырылуы бойынша атқарылған және жоспарланған жұмыстар талқыланды.

Семинар-кеңеске облыстағы барлық мемлекеттік органдардың  персоналды басқару қызметтерінің басшылары қатысты.

Іс-шараны жүргізген Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығына тоқталды.

Жиын барысында әрі қарай мемлекеттік қызметшілерге жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген Pocketbook (қол кітапшасы) таратылды. Бұл кітапшада мемлекеттік қызметшілердің жұмыста және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқын айқындайтын нақты өмірлік мысалдар  көрсетілген.

Кері байланысты орнату, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделерін қорғау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер туралы мәліметтердің мемлекеттік органдардың сайттарында жариялау қажеттігін ескертті.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Г.Зейнулла 2017 жылы жергілікті атқарушы органдармен өткізілген  ішкі конкурстардың нәтижесінде 251 қызметші атқаратын лауазымнан жоғары лауазымға тағайындалғандығын жеткізді. Бұл ішкі конкурс арқылы тағайындалған барлық 385 қызметшінің  65,2 % құрайды.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерді конкурс негізінде мансаптық жоғарлату Ұлт жоспарының 10-қадамының талаптарына сай келеді.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы                Б.Әшір «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуді кеңінен насихаттауға шақырды.

Халық арасында электронды қызмет алудың тиімділігін дәріптеу үшін Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, облысымыздың мемлекеттік қызметшілері өзгерістерді өзінен бастауда.

Бұл шараның мақсаты – қызмет алушы мен қызмет берушілердің арасындағы тікелей байланысты тоқтатып, тұрмыстық жемқорлықтың деңгейін төмендету екендігін атап өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *