«ПАЛАТА БИЗНЕС КЛАССА» ТЕАТРЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына сәйкес, «Палата бизнес класса» атты театрлық қойылым көрсетілді.

Аталған іс-шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен облыстық орыс драма театры бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар, дәрігерлер мен азаматтық қызметшілер қатысты.

Көріністе әділдік жеңіске жетіп, барлық жағдай ақшамен шешілмейтінін, адамның ең басты құндылықтарының бірі – адалдығы, адамгершілігі екендігін көрсетеді.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *