ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БІРІҢҒАЙ САҒАТЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы бірлесе ынтымақтастықты кеңейте «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты біріңғай сағат өткізді.

Іс-шара аясында қос мекеменің қызметкерлері Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыруда, әсіресе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бірге жұмыс жасау жолдарын талқылады.

Айта кетейік, аталған біріңғай сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                      іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні сағат 11.00-де облыстың  барлық мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, құқық қорғау органдарында, қала, аудан әкімі аппараттарында, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктерде, этномәдени және діни, білім беру ұйымдарында өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *