ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАШЫЛДЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру бойынша облыстық, аудан және қалалық Арнайы мониторингтік топтардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамашылдық конгресін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы                        іс-қимылға кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Іс-шарада сөз алған Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев арнайы мониторингтік топтың жұмысымен таныстыра келе, арнайы мониторингтік топ барлық мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік секторды қамти отырып, қоғамдық бақылау жүргізетіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, Әли Амантайұлы облыс әкімі Ж.Түймебаев үгіт-насихат жұмыстарын халыққа барынша жеткізу мақсатында арнайы мониторингтік тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың облысымыздың әр ауылына дейін жетуін қамтамасыз ету үшін барлық аудан, қала әкімдеріне тапсырма бергендігін жеткізді.

Облыстық Арнайы мониторингтік топ басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әділхан Бегалыұлы сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғам өкілдерінің қатысу маңыздылығын атап, қойылған мақсаттарға жетуде белсенділік танытуға шақырды.

Конресс барысында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев, Арнайы мониторингтік топ мүшелері С.Сиқымбай, Ә.Әссанди, А.Орынбек өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында Арнайы мониторингтің тобының әлеуметтік желілерде арнайы парақшалары мен Whatsapp, Telegram нөмірлері (8-775-869-21-21)  жұмыс істейдіндігі хабарланды.

Конгресті қорытындылай келе, арнайы мониторингтік топтың мүшелері алдағы жылға қойылған жоспарларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Арнайы мониторингтік топ – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асыру барысын бағалауға бағытталған кеңесші орган. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *