Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан облыс орталығындағы жеті жоғары оқу орнының бітіруші түлектерімен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет мектебін қалыптастырудың мақсаты мен мәні, аталған мектепке қабылдануға ниет білдірген мамандық иелеріне мемлекеттік лауазымға орналасқанға дейін, қала берді әлеуеті жоғары мамандарды мемлекеттік қызметке орналастыру бойынша қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Осылайша, жастар арасында елімізді одан әрі дамыту үшін, сондай-ақ, кәсіби аппаратқа қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қызметке білімді әрі белсенді жастар тартылмақ.

Облыс орталығындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты және  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік, Халықаралық гуманитарлық техникалық, Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар достығы, «Мирас» университеттерінде                   үш күнге созылған кездесуде 800-ден аса, түрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Болашақ мамандарға алдағы уақытта Қазақстан Ресубликасының заңнамаларын білуге арналған және жеке қасиеттерін бағалауға бағытталған тестілеуге дайындық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа төзбеуші­лік­ті қалыптастыру мақсатындағы іс-шара­лар бойынша бағыт-бағдар беріліп, жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *