ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті,                         «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.

Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев «Агенттік Төрағасы бекіткен 2018 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына сәйкес «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Марафонға облыстың 15 аудан, қалалардағы әкім аппараттары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады. Қазіргі таңға марафонды Шардара, Мақтарал аудандар өткізіп, эстафетаны Сарыағаш ауданы алып отыр» – деді.

Сонымен қатар, азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Аталған жоба аясында, белгілі әлеуметтік желілерде (Facebook, VK, Instagram және What’s up, Telegram (8-775-869-21-21) және колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы жалпы саны 27 хат келіп түскен.

Елімізде мемлекеттік қызметтің жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамалар Елбасыға ұсынылып, баяндамалар келісіліп қолдау тапты деген Әли Амантайұлы, баяндамалардың негізгі бөліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, Департамент тарапынан Баяндамалардың  толық нұсақасын БАҚ-да жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Брифингте облыстағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы, мемлекеттік қызметтің жай-күйі де назардан тыс қалмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Тастеміров департамент бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ,  ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалының директоры З.Қабылбекованың айтуынша І тоқсанда жергілікті және аумақтық органдардан 343 мемлекеттік қызметші оқудан өткен, оның ішінде, 9-семинардан біліктілігін арттырудан 239 қызметші, ал, 4 курста 104 адам қайта даярлаудан өткен. Айта кету керек, филал қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлкен мән береді. Аталған тақырыпта 230 мемлекеттік қызметшілер оқудан өткен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *