ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаменті (әрі қарай – Ұлттық бюро департаменті) мен білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласына қатысты отырыс өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, білім беру ұйымдарының басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Арнайы мониторингтік топ мүшелері, кәсіподақ және ХҚКО өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстың аудан,қала әкімдері мен білім бөлімдері, мектеп директорлары қосылды.

Отырыстың мақсаты – білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сондай-ақ, электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау, «электронды үкімет» порталы арқылы электронды қызметті алу тәсілдеріне оқыту.

Кездесу барысында заңсыз ақша жинау, сондай-ақ мектептерде жұмысқа орналасу үшін пара беру мәселелері талқыланды.

Ал, Ұлттық бюро департаменті қызметкерлерінің тарапынан отырыс қатысушыларына жақында ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер де көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау болып табылады.

Бұдан бұрын, Департамент тарапынан жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен облыс әкіміне, Білім және ғылым министрінің атына мектеп директоры лауазымына тағайындаудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар жолданды.

Департаментпен ұсынылған ұсыныстар ескеріле отырып, Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасы жаңа редакцияда бекітіліп, 2018 жылдың 2 ақпанында күшіне енді, сондай-ақ, облыстық білім басқармасында білім беру мекемелерінің басшыларына кандидатураларды келісу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Сонымен қатар, қызмет беруші мен қызмет алушылардың арасындағы тікелей байланысты азайту мақсатында отырыста электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көпшілікке тарату, электронды үкімет порталы арқылы қызметті электронды түрде алу тәсілдерін үйрету мәселелері талқыланды.

Баламалы түрде қызмет көрсетін мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметті көрестуді бірінші кезекте «электронды үкімет» порталы арқылы көрсету, ал мүмкіндік болмаған жағдайда – Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ұсынылды.

Атқарылған жұмыстар бойынша есептердің Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында тыңдалатыны қатысушылардың назарына жеткізілді.

Азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында Департаменттің memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары ашылғанын,                                     +7 775 869 21 21 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджер жұмыс істеп тұрғанын Департамент басшысы Ә. Көмекбаев мәлімдеді.

Бұл байланыс арналары арқылы азаматтар нақты фактілер бойынша жүгіне алады. Келіп түскен барлық ақпараттар қаралып, қорытындыланып, нақты шаралар қабылданатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *