ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОНЫ БАСТАУ АЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғаммен қарым-қатынасты орнатуда жаңа тәсілдерді қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу тапсырылды.

Марафонды өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

«Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Марафонға облыстың 15 аудан, қалалардағы әкім аппараттары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады.

Марафон 2018 жылғы наурыз және желтоқсан айлары аралығында өткізілетін болады.

Марафонға қатысушы аудан «Адал жол» кітабын өткізілген іс-шараларын аяқтау барысында тілектер жазып және фотосуреттермен толықтырып, салтанатты түрде эстафета ұсынылатын келесі ауданға береді.

Эстафетаны тапсыру көршілес ауданның делегаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.

Марафонның нәтижесі 7 желтоқсанында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында соңғы форумда қорытындыланатын болады.

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысында марафонға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ОҚО бойынша Департаменті «Адал жол» кітабын әзірлеп, эстафетаны Шардара ауданына жолдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *