ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БІРІНШІ ОРЫНДА!

Ағымдағы жылдың 12-13 мамыр күндері Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Слетке ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы С.Ахметжанов, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

            ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев бастап барған Оңтүстік Қазақстан облысының 29 мемлекеттік қызметшілері  топ жарып шықты. Аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің 1-слеті аясында өткізілген волейболдан және шағын-футболдан облысымыз І-орын иеленсе, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы М.Сабаев жүгіру марафонынан ІІІ-орынды иеленді.

Осынау іс-шарада жеңіске жетуге қолдау білдірген облысымыздың мемлекеттік мекемелері мен қызметшілеріне алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *