ОҢТҮСТІКТЕ «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе ай сайын спорт мектептерінде «Жемқорлықсыз болашақ!» тақырыбында жарыстар өткізуде.

Жарыстардың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Наурыз айындағы өткізілген іс-шараларға тоқталатын болсақ,                     8-11 наурыз күндері облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ашық біріншілік ұйымдастырылып, облыстың аудан, қалаларынан 12 команда, 210-ға жуық спортшылар қатысты.

Ал, 24 наурыз күні Созақ ауданы Шолаққорған ауылында кіші футболдан аудандық жарыс өткізіліп, 17 команда, 157 спортшы қатысты.

27 наурыз күні Шардара ауданында өткізілген кіші футболдан жасөспірімдер арасында аудандық жарысқа 17 команда 157 спортшы қатысса, 29 наурыз күні жастар мен жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының №13 ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі өтті.

Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздары мен кубоктармен марапатталды. Жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *