ОҚО МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ 10 КҮНДІК СПАРТАКИДА ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, облыс орталығында 19-29 сәуір аралығында мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау орган қызметшілерінің қатысуымен спорттың 6 түрінен (волейбол, шағын футбол, гір көтеру, жүзу, арқан тарту, үстел теннисі) спартакиадалық жарыстар өтеді. Видео есепке сілтеме: https://youtu.be/iljc8cPMPgQ

Атаулы шараны мерекелеу мемлекеттік қызмет органдарының                         20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Спартакиада жарыстарына облыстағы 84 мемлекеттік органнан 1200-ге жуық қызметші қатысады.

Олар 4 топқа бөлінген:

  • 1 топ – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдары;
  • 2 топ – құқық қорғау органдары;
  • 3 топ – облыс әкімдігі және облыстық басқармалар;
  • 4 топ – аудан, қала әкімі аппараттары (мәслихат аппараттары бірге);

Ақтық сайыстар 29 сәуірде әр топтың жеңімпаздарының арасында өтеді.

Жарыстың алғашқы күні аумақтық органдар арасындағы сайыстың жалпы командалық нәтижесі төмендегіше:

1 орын – ОҚО қазынашылық департаменті;

2 орын – ОҚО кірістер департаменті;

3 орын – ОҚО статистика департаменті.

Спартакиаданың 2 күніндегі құқық қорғау органдары арасындағы жалпы командалық нәтиже келесідей:

1 орын – ОҚО ішкі істері департаменті

2 орын – ОҚО төтенше жағдайлар департаменті

3 орын – ОҚО прокуратурасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *